Ливан аумағындағы сириялық босқындарға ИЫҰ арқылы қаржылай көмек көрсету шаралары пысықталуда - ҚР-ның Иорданиядағы елшілігі

Бұл туралы ҚР-нің Иорданиядағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бас хатшы У.Рхейниге Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын қолдауға қатысты ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Ливан Сыртқы істер және эмигранттар министрі Аднан Мансұрға жолдаған хаты қолма-қол табысталды.
Сонымен қатар, кездесу барысында қазақ-ливан ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегі жөнінде пікір алмасу өтті.
Қазақстан Елшісі ливан тарапына «EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізуде Астананың кандидатурасына қолдау көрсетілгені үшін алғыс білдіріп, Ливанның аталған көрмеге қатысу мәселелері талқылады.
Бұған қоса, Елші Болат Сәрсенбаев ҚР Үкіметінің Ливан территориясындағы сириялық босқындарға Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы арқылы қаржылай көмек көрсету шаралары пысықталып жатқандығын жеткізді.
Екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастарды белсендіру қажеттілігі атап өтілді. Сондай-ақ, шарттық-құқықтық базаны нығайтудың, оның ішінде үкіметаралық Инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау жөніндегі келісім мен Қосарланған салықты болдырмау жөніндегі конвенцияға қол қоюдың маңыздылығына назар аударылды.
Бірінші кезекте сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту қажеттілігі айтылды. Бұл мақсатта Бірлескен үкіметаралық комиссия мен Іскер кеңесін құру маңыздылығына назар аударылды.