Ливан билігі Муаммар Каддафидің ұлын 10 жылдан кейін босатты
АСТАНА.KAZINFORM - Ливияның Ұлттық келісім үкіметі 6 қарашада 2015 жылы Бейрутте тұтқындалған бұрынғы мемлекет басшысы Муаммар Каддафидің ұлы Ганнибалдың босатылғанын жариялады, деп хабарлайды ТАСС.
- Ливан билігі бұрынғы Ливия басшысы Муаммар Каддафидің (1942-2011) ұлы Ганнибал Каддафиді қамаудан босатып, оның елден шығуына салынған тыйымды алып тастады, - делінген Lebanon 24 жаңалықтар порталы таратқан мәлімдемеде.
Ливан соты Ганнибал Каддафиді бұған дейін 11 миллион доллар деп белгіленген кепілдікпен босатуға бұйрық бергенін хабарлады.
Ливия үкіметі Ливан президенті Джозеф Аун мен парламент спикері Набих Берриге «бұл мәселені шешудегі ынтымақтастығы үшін» алғыс білдірді.
Ливандық модель Алин Скафқа үйленген 50 жастағы Ганнибал Каддафи Сирияға қашып кетті, онда ол Башар Асад үкіметінің қорғауында болды. 2015 жылдың желтоқсанында оны қарулы адамдар ұрлап әкетіп, Ливан билігіне тапсырды. Ганнибал Каддафиге «ақпаратты жасырды» деген айып тағылып, Бейрут түрмесіне қамалды.
Тамыз айында Human Rights Watch ұйымы Каддафидің «дәлелденбеген айыптармен» ұсталып отырғанын айтып, оны дереу босатуды талап етті. Осы айда оның адвокаты өзінің клиентінің қатты депрессиямен ауырып, жақында ауруханаға түскенін хабарлады.
Қазан айында Ливан соты оны кепілдікпен босатуға бұйрық берді.