18:17, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
«Локомотив» АҚ жыл аяғында Астанада салынып жатқан зауытта алғашқы тепловозды құрастырып шығаруды жоспарлап отыр
АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Әлемдік экономикалық дағдарыс салдарынан тасымал көлемінің төмендеуі «Локомотив» акционерлік қоғамын локомотив паркін жаңарту жөніндегі өз жоспарларына түзету енгізуге мәжбүрлеуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Дегенмен Астанада тепловоз құрастыру зауытын салу жоспары жалғастырылуда. Зауыттың ашылуы шілде айына жоспарланып отыр, ал алғашқы локомотив желтоқсанның өзінде құрастырылып шығарылмақ. Зауыттың жалпы жобалық қуаты ? жылына 100 магистральдық тепловоз шығару. Тепловоздар ТМД елдері нарықтарына да шығарылмақ. Зауытта «Дженерал электрик» компаниясымен бірлесе отырып, маневрлік тепловоздарды да құрастыру жолға қойылмақ. Бұл зауыттың іске қосылуы 700 жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді және отандық локомотив құрылысы өндірісін дамыту бастау алады.