Лондон-2012: Ә.Ниязымбетов жартылай финалда украиндық боксшымен жұдырық түйістіреді

Естеріңізге сала кетейік, Әділбек 1/8 финалда эквадорлық Карлос Гонгора Меркадоны, ал ширек финалда ирандық Эхсан Роузбаханиді ұтқан болатын.
Әділбек Ниязымбетов Бакуде бокстан болған Әлем чемпионатында Қазақстан үшін бірінші олимпиадалық жолдаманы таза нокаут арқылы ұтып алған еді. 21 жастағы ақтаулық боксшы еңбек сіңірген спорт шебері. Ол 2007 жылы өткен халықаралық турнирде, 2008 жылы республикалық турнирде, осы жылы «Азов теңізі кубогі» халықаралық сайысында, 2009 жылы «Жібек жолы» халықаралық турнирінде 1-ші орынды иеленген.
Олимпиада қарсаңында осы спортшы жайында пікір білдірген М. Айтжанов: «Меніңше, ол коммуникабельді, әр қадамын есептей алатын, сондай-ақ техникалық тұрғыда сауатты боксшы. Біздің ойымызша, Бакуге оны ертіп барғанда қателескен жоқпыз. Бұл сайыста Әділбек күміс жүлдені алды. Оған сәл-пәл дайындық жетіспеді. Меніңше, алдағы уақытты оны физикалық тұрғыда шыңдай түсеміз. Ол Лондонда жоғары нәтиже көрсетуі тиіс», - деген еді.