Лондон-2012: Ә.Ниязымбетовтың қанжығасында кемінде Олимпиада қола медалі

АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында 81 келі салмақ санатында жұдырықтасқан  Әділбек Ниязымбетов ширек финалда ирандық қарсыласын ұтып, жартылай финалға жолдама алды.
None
None

Біздің спортшымыз ирандық Эхсан Роузбаханидің үш раундта да жеңіске жетуіне еш мүмкіндік бермеді. Осылайша шаршы алаңдағы кезекті жекпе-жегін 13:10 есебімен аяқтаған Әділбек Олимпиада алтынына жақындай түсті.

Айта кетейік, 1/8 финалда біздің спортшыға қарсы шыққан эквадорлық  Карлос Гонгора Меркадо еш қауқар көрсете алмады. Шаршы алаңның шаңын шығарған Әділбек қарсыласынан 13:5 есебімен  басым түскен еді.

Соңғы жаңалықтар