Лондон-2012: Алғашқы кездесуінде қарсыласын жер иіскеткен қазақ дзюдошысы Еркебұлан Қосаев жарыстан шығып қалды

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Алғашқы кездесулерде қарсыластарын жер иіскеткен қазақ дзюдошысы Еркебұлан Қосаев жарыс жолынан шығып қалды.
None
None

Үшінші айналымда жерлесіміз армян өрені Хованесс Давтянға иппон (таза жеңіс) әдісі бойынша жеңіліп қалды, деп хабарлайды доданың ресми сайтында.

 Еске сала кетейік, Е. Қосаев екінші айналымда канадалық палуан Серхио Пессоаны қапыда қалдырған болатын.

 Е. Қосаев 2011 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен турнирдің Гран-При жүлдесінің иегері. 60 елден 370 дзюдошы қатысқан сол додада ол барлық қарсыластарын  жеңіп, алдын ала Әбу Даби турнирін аяқтағаны есімізде.  

 Бүгін, 29 шілдеде татамиге 66 келі салмақта тағы бір қазақстандық Сергей Лим шығады. Оның қарсыласы - болгарлық Мартин Иванов.

Соңғы жаңалықтар