19:27, 06 Тамыз 2012 | GMT +5
Лондон-2012: Алмат Кебісбаев ширек финалда
АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында 60 келі салмақ санатында грек-рим күресінен 1/8 финалда Алмат Кебісбаев қарсыласын ұтып, ширек финалға шықты.

Боз кілемдегі тартысты белдесуде біздің палуан венесуэлалық Люис Игнасио Лиендо ұтты. Естеріңізге сала кетейік, біздің палуан алғашқы айналымда украиндық қарсыласы Ленур Темировты айқын басымдықпен жеңген болатын.
1987 жылдың 12 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында дүниеге келген бұл балуанымыз қазіргі уақытта елорда атынан өнер көрсетеді. Ол Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, жеңімпазы, Иван Поддубный атындағы Гран-придің иегері, Мәскеуде өткен әлем чемпионатының күміс, Ыстамбұлда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.