21:11, 03 Тамыз 2012 | GMT +5
Лондон-2012: Ауыр атлетикадан Олимпиада рекорды 2 мәрте жаңарды
АСТАНА. 3. тамыз. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Лондон Олимпиадасында 75 кг салмақ санатына дейінгі ауыр атлеттер арасындағы жарыстар өтуде.

Қазақ елінің намысын қорғаушы Светлана Подобедова жұлқа көтеру жаттығуында 130 келіні бағындырып, Олимпиада рекордын жаңартқан болатын. Дегенмен одан кейін жарыс жолына шыққан ресейлік Наталья Заболотная біздің спортшы көтерген салмақтан 1 келі артық салмаққа тапсырыс беріп, Олимпиада рекордын екінші мәрте жаңартуға мүмкіндік алды.
Алда серпе көтеру жаттығуы. Бұл сайыста Светлананың үздік екендігін ескерсек, Олимпиада алтынының ауылы алыс емес сияқты.
Айтпақшы, өткен жылы Парижде өткен әлем чемпионатында Светлананың алдын орап, чемпион атанған ресейлік тағы бір спортшы Надежда Евстюхина осы жолы үш мәрте де 125 келіні көтере алмай, жарыс жолынан шығып қалды.