Лондон-2012: Б.Жақыпов ширек финалда қытайлық боксшыға есе жіберді

АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Лондон Олимпиадасының ширек финалында шаршы алаңға көтерілген боксшы Біржан Жақыпов қытайлық спортшыға есе жіберді.
None
None

Алғашқы раундта тең жұдырықтасқан Біржан келесі кезеңдерде жекпе-жек тізгінін қытайлық спортшы Шимин Цзоуға беріп қойды, қорытынды есеп - 10:13. Осылайша, ширек финалда ұтылған біздің спортшы тіпті Лондон олимпиадасынң қола медаліне де іліге алмады.

Естеріңізге сала кетейік, Б.Жақыпов  1/8 финалда филиппиндік Марк Барриганы жеңген болатын. Бірінші таймда 5:4 есебімен басым түскен жерлесіміз, екінші раундта 6:3 есебімен жеңіліс тапса, ал үшінші раундта қарқынын үдетіп, 9:3 есебімен қарсыласын ойсырата ұтқан еді. 

Айта кетейік, 1984 жылы туған шымкенттік Біржан Жақыпов Мырзағали Айтжановтың қол астында жаттығады. 2005 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2010 жылғы XVI жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

 

Соңғы жаңалықтар