19:18, 31 Шілде 2012 | GMT +5
Лондон-2012: Боксшы Б.Жақыпов француздық Джереми Беккуді жеңді
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Лондон Олимпиадасында шаршы алаңға шыққан боксшы Біржан Жақыпов француздық Джереми Беккуді жеңді.

Бірінші таймда 6:6 есебімен тең түскен жерлесіміз, екінші раундта 4:5 есебімен жеңіліс тапты. Үшінші раунда қарқынын үдете түскен Біржан 8:6 есебімен қарсыласынан басым түсті.
Айта кетейік, 1984 жылы туған шымкенттік Біржан Жақыпов Мырзағали Айтжановтың қол астында жаттығады. 2005 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2010 жылғы XVI жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Көптеген халықаралық турнирдің жеңімпазы.