23:26, 06 Тамыз 2012 | GMT +5
Лондон-2012: Д.Гаджиев Олимпиада «қоласы» үшін грузиялық палуанмен белдеседі
АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - ХХХ жазғы ойындар барысында грек-рим күресінен жұбаныш белдесуінде қарсыласынан басым түскен Даниял Гаджиев енді Олимпиада «қоласы» үшін грузиялық Владимир Гегешидземен белдеседі.

Еске сала кетейік, бұның алдында 84 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан отандық спортшы болгариялық Христо Диянов Мариновты тізе бүктірген еді. Алайда ширек финалда ресейлік Алан Хугаевтен жеңілген болатын. Бірақ жұбаныш белдесуіне шыққан ол беларусьтық Алим Селимовті ұтып, Олимпиада «қоласы» үшін күресуге мүмкіндік алды.
Даниял Гаджиев Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында туған. Ол Дәулет Тұрлыхановтың күрес мектебінде жаттығады. Лондон лицензиясын елордада өткен азиялық турнирде ұтқан еді.