14:44, 02 Тамыз 2012 | GMT +5
ЛОНДОН-2012: Дзюдо белдесуіндегі соңғы үмітіміз Максим Раков жерге қаратты
АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон олимпиадасында дзюдодан 100 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан спортшымыз Максим Раков алғашқы айналымда-ақ әзірбайжандық Эльмар Гасимовқа есе жіберді.

Айта кетейік, М.Раков дзюдодан Қазақстанның ұлттық құрамасы сапындағы ең белді балуандардың бірі. Қарағандылық дзюдошы - еліміздің бірнеше дүркін чемпионы. Азия ойындарында жүлделі орынды иеленеді. «Гран-При» жарыстарында бір емес, бірнеше рет жеңімпаз және жүлдегер атанды. 2009 жылы Голландияның Роттердам қаласында өткен әлем чемпионатында алтын тұғырға көтерілген еді.