Лондон-2012: Дзюдодан ерлер құрамасы Қазақстанға бірде-бір жүлдесіз оралады

АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында дзюдодан қазақ елінің намысын қорғауға аттанған дзюдошыларымыздың ешқайсы да жүлделі орынды иелене алмады.
None
None

Бүгін 100 келіден жоғары салмақ санатында жарыс жолына шыққан спортшымыз Ержан Шынкеев те алғашқы айналымда тунистік қарсыласына есе жіберді.

Ендігі үмітіміз - Гүлжан Исановада. Ол бүгін Астана уақыты бойынша 16:30-да  корейлік На-Йонг Киммен белдеседі.

Еске салайық, Лондонға ел намысын қорғауға аттанған ерлер құрамасының сапында  Еркебұлан Қосаев (60 кг), Сергей Лим (66 кг), Ринат Ибрагимов (73 кг),  Ислам Бозбаев (81 кг), Тимур Болат (90 кг), Максим Раков (100 кг),  Ержан Шынкеевтер (+100 кг) болды.

Ал әйелдер құрамасында Александра Подрядова (48 кг) мен Гүлжан Исанова (+78 кг) бар.

Соңғы жаңалықтар