Лондон-2012: Е.Шалыгина шалыс басты

АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпидасында 63 келі салмақ санатында әйелдер күресінен қазақ елінің намысын қорғаған палуанымыз Елена Шалыгина алғашқы белдесуінде-ақ ұтылып қалды.
None
None

Іріктеу сынында украиндық Юлия Остапщукпен белдескен Елена алғашқы кезеңде 2 ұпаймен басым түскенімен, екінші кезеңде таза ұтылды.

Айта кетейік, 1986 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген палуанымыз 1998 жылдан бері күреспен айналысып келеді. Ол 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында қола медаль ұтып алған болатын. Сондай-ақ Елена үш әлем чемпионатына қатысып, 2 рет қола, 1 рет күміс медаль еншіледі.  Азия чемпионаттарына да сан мәрте қатысып, оның екеуінде чемпион атанды. Ал ХХХ жазғы ойындар жолдамасын ағымдағы жылы елордада өткен іріктеу турнирінде ұтып алған болатын.

Соңғы жаңалықтар