Лондон-2012: Г.Исанова ширек финалда ағылшын дзюдошысымен белдеседі

АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында 78 келіден жоғары салмақ санатында ширек финалға жолдама алған дзюдошымыз Гүлжан Исанованың келесі қарсыласы белгілі болды.
None
None

Гүлжан жартылай финалға шығу үшін ендігі уақытта ағылшындық спортшы Карина Брайнттің жауырын жер иіскетуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, 1/8 финалда біздің спортшы корейлік На-Йонг Киммен белдескен болатын. Олар негізгі уақытта тең күрескенімен төрешілер Жеңісті Гүлжанға берген еді.

Айта кетейік, 78 келіден жоғары салмақ санатында белдесетін Г.Исанова 2009 жылы Тайваньда өткен Азия чемпионында барлық қарсыластарын ұтқан болатын. Сондай-ақ ол Азия чемпионатының 3 қола, 1 күміс медалін еншілеген.

Соңғы жаңалықтар