17:07, 03 Тамыз 2012 | GMT +5
Лондон-2012: Г.Исанова ширек финалда сүрінді
АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында 78 келіден жоғары салмақ санатында ширек финалға жолдама алған дзюдошымыз Гүлжан Исанова ағылшындық спортшы Карина Брайнттан ұтылып қалды.

Естеріңізге сала кетейік, 1/8 финалда біздің спортшы корейлік На-Йонг Киммен белдескен болатын. Олар негізгі уақытта тең күрескенімен төрешілер Жеңісті Гүлжанға берген еді.
Айта кетейік, 78 келіден жоғары салмақ санатында белдесетін Г.Исанова 2009 жылы Тайваньда өткен Азия чемпионында барлық қарсыластарын ұтқан болатын. Сондай-ақ ол Азия чемпионатының 3 қола, 1 күміс медалін еншілеген.