Лондон-2012: Грек-рим күресінің шебері Д.Баяхметов алғашқы белдесуін жеңіспен бастады

АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында 66 келі салмақ санатында боз кілемге көтерілген палуанымыз Дархан Баяхметов алғашқы белдесуін жеңіспен аяқтады.
None
None

Грек-рим күресінің шебері Олимпиада жүлдесі жолындағы іріктеу сынындағы белдесуін сербиялық Александр Максимовичке қарсы өткізіп, 3:0 есебімен таза жеңіске жетті. Дарханның 1/8 финалдағы қарсыласы санаулы минуттардан кейін белгілі болады.

1985 жылы дүниеге келген Дархан Азия чемпионы, Венгрияда өткен  Гран-придің жеңімпазы, Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы. Ол елордада өткен Азиялық лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салған еді.

 

Соңғы жаңалықтар