Лондон-2012: Гүлжан Исанова «қолаға» бір табан жақындады

Ол жұбаныш белдесуінде бразилиялық Мария Суелен Алтеманға қарсы шығады. Бразиялық бұл спортшы ширек финалда жапондық спортшыға есе жіберген еді.
Айта кетейік, қазақстандық дзюдошының қатысуымен өтетін алғашқы ынталандыру матчы бүгін сағат 19.07-де (Астана уақытымен) өтеді. Бұл белдесулер «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 1/8 финалда біздің спортшы корейлік На-Йонг Киммен белдескен болатын. Олар негізгі уақытта тең күрескенімен төрешілер Жеңісті Гүлжанға берген еді. Ал ширек финалда дзюдошымыз Гүлжан Исанова ағылшындық спортшы Карина Брайнттан ұтылып қалды.
Айта кетейік, 78 келіден жоғары салмақ санатында белдесетін Г.Исанова 2009 жылы Тайваньда өткен Азия чемпионында барлық қарсыластарын ұтқан болатын. Сондай-ақ ол Азия чемпионатының 3 қола, 1 күміс медалін еншілеген.