01:53, 07 Тамыз 2012 | GMT +5
ЛОНДОН-2012: Қазақстан Қытайдан кейінгі екінші орында
АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында ауыр атлетика бойынша алған алтын медальдардың саны жағынан Қазақстан Қытайдан кейінгі екінші орында.

Осы уақытқа дейін Қытайдың атлеттері 5 "алтынға" ие болса, Қазақстанның зілтеміршілері 4 медальмен екінші орынға орналасты. Ал 3 "алтынға" ие болған Солтүстік Корея үздік үштікті тұйықтап тұр.
Айта кетейік, біз бұл жетістікке Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова және Илья Ильиннің арқасында жеттік.