Лондон-2012: Қазақстан жалпыкомандалық есепте 6-орынға көтерілді

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Ауыр атлет Майя Манезаның үшінші алтынынан кейін Қазақстан  Олимпиаданың турнирлік тізімінде 6-орынға көтерілді.
None
None

Олимпиаданың көш басына 10 алтынмен, 3 қоламен және 6 күміспен Қытай жайғасқан. Тізімдегі екінші орын АҚШ еліне тиесілі. Оның қоржынында әзірше 6 алтын, 7 күміс және 5 қола медаль бар. Одан кейінгі орынды Франция құрамасы 4 алтын, 1 күміс және 4 қола медальмен алып отыр. Оңтүстік Корея республикасы 3 алтынмен, 2 күміс және 2 қоламен төртінші орында, олардың оңтүстіктегі көршілері КХДР елі 3 алтын, 1 қоламен бесінші орында тұр.


Алтыншы орынға 3 алтын медаль ұтқан Қазақстан құрамасы жайғасқан. 

Соңғы жаңалықтар