22:07, 03 Тамыз 2012 | GMT +5
ЛОНДОН-2012: Қазақстан жалпыкомандалық есепте қайта бір саты жоғары көтерілді
АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Лондон Олимпиадасында жалпыкомандалық есепте 9-орынға көтерілді.

Қазақ елі турнирлік тізімде Ресей мен Жаңа Зеландияны артқа тастап, 9-орынға жоғарылады.
9 Kazakhstan 4 0 0 4
10 Russian Federation 3 9 8 20
11 New Zealand 3 0 2 5
12 South Africa 3 0 0 3
Бүгін Қазақстан қоржынын Светлана Подобедова тағы бір «алтынға» толықтырды. 75 келі салмақта өнер көрсеткен ол, екі сайыста 291 келіні басынан асырды және Олимпиада рекордын үш мәрте жаңартып, Олимпиада чемпионы атанды. Бұның алдында Қазақстанға «алтынды» А. Винокуров, З. Чиншанло мен М.Манеза алып келген болатын.