Лондон-2012: Олимпиада «қоласы» Алматтың қолынан сусып кетті

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы айналымда Алмат украиндық қарсыласы Ленур Темировты айқын басымдықпен жеңсе, 1/8 финалда венесуэлалық Люис Игнасио Лиендоны 2:1 есебімен ұтқан еді. Ал 60 келі салмақ санатында ширек финалдық белдесуде ирандық палуанға есе жіберген А.Кебісбаев Олимпиаданың қола медалі үшін күресуге мүмкіндік алған-ды. Өйткені, ширек финалды біздің спортшыға еш мүмкіндік бермеген иран палуаны Омид Хажи Нороози жартылай финалда жапондық қарсыласын ұтып, ақтық бәсекеге жолдама алған болатын. Сондықтан Алматқа 60 келі салмақ санатында Олимпиада қола медалі үшін белдесуге мүмкіндік туды. Міне осы жұбаныш белдесуінде болгариялық Иво Серафимов Ангеловты ойсырата ұтқан Алмас жапондыққа есе жіберді.
1987 жылдың 12 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында дүниеге келген бұл балуанымыз қазіргі уақытта елорда атынан өнер көрсетеді. Ол Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, жеңімпазы, Иван Поддубный атындағы Гран-придің иегері, Мәскеуде өткен әлем чемпионатының күміс, Ыстамбұлда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.