15:24, 01 Тамыз 2012 | GMT +5
Лондон-2012: Семсерлесуші Дмитрий Алексанин келесі турға өте алмады
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында семсерлесуден өткен 1/32 финалда қазақстандық спортшы Дмитрий Алексанин венесуэлалық Сильвио Фернандезтен ұтылды.

20 жасар Қазақстан өрені бірінші раундта 11:9 есебімен жеңілсе, екінші раундта 4:3 болып есе жіберді.
Дмитрий Алексанинге тоқталатын болсақ, ол өткен жылы жасөспірімдер арасында жарысқа шығып жүрген жас спортшы. Алматылық Дмитрий қазіргі кезде 20 жаста ғана. Он жасында оған бірінші жаттықтырушысы Валерий Димов семсерді сыйға тартқан екен. Бүгінде ол өз өмірінде бұл спортты маңызды деп санайды. Дмитрий Париждегі Әлем кубогінің кезеңінде «А» санатындағы жеке сайыстарда қола медальді иеленіп, Олимпиада ойындарына жолдаманы қамтамасыз еткен болатын.