18:05, 08 Тамыз 2012 | GMT +5
Лондон-2012: Сырықпен секіруде отандасымыз Н.Филиппов финал жолдамасынан қағылды
АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасының сырықпен секіру спортында қазақстандық атлет Никита Филиппов біліктілік сайысынан өтпеді.

5.35 метрді бағындырған спортшымыз өз тобында 9-шы, жалпы тізімде 18-орын алды. Финалдық кезеңге 14 спортшы өтті.