Лондон-2012: Үміт үзілді, Гүлжан бразилиялық қарсыласынан ұтылып қалды

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - ХХХ жазғы ойындардың дзюдо турнирінде  жұбаныш белдесуіне шыққан спортшымыз Гүлжан Исанова бразилиялық Мария Суелен Алтеманға есе жіберіп қойды.
None
None

Ширек финалда жапондық спортшыға ұтылған бразилиялық татами шебері жұбаныш белдесуінде Гүлжанға еш мүмкіндік бермеді.

Естеріңізге сала кетейік, 1/8 финалда біздің спортшы корейлік На-Йонг Киммен белдескен болатын. Олар негізгі уақытта тең күрескенімен төрешілер Жеңісті Гүлжанға берген еді. Ал ширек финалда дзюдошымыз Гүлжан Исанова ағылшындық спортшы Карина Брайнттан ұтылып қалды.

Айта кетейік, 78 келіден жоғары салмақ санатында белдесетін Г.Исанова 2009 жылы Тайваньда өткен Азия чемпионында барлық қарсыластарын ұтқан болатын. Сондай-ақ ол Азия чемпионатының 3 қола, 1 күміс медалін еншілеген.

Соңғы жаңалықтар