Лондон Олимпиадасы: Дзюдошы И. Бозбаев украиндықтың жауырынын жер иіскетті

АСТАНА.  31 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Лондонда өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындары барысында 21 жастағы палуанымыз, дзюдошы Ислам Бозбаев бірінші айналымнан сүрінбей өтті.
None
None

Бұл туралы Олимпиада ойындарының ресми сайты  http://www.london2012.com хабарлады.

81 келі салмақта күреске түскен жерлесіміз Ислам Бозбаев, бірінші айналымда қарсыласы украиндық спортшы Артем Василенкодан айласын асырып, таза жеңіспен келесі кезеңге көтерілді. Тоқтала кететін жайт, әлемдік рейтингте И. Бозбаев 20-сыншы, ал украин дзюдосышы 22-інші орында тұр.

Енді жерлесіміз И. Бозбаев татамиде Того өкілі Сачо Денаньонмен күш сынасады.

Соңғы жаңалықтар