08:06, 07 Тамыз 2012 | GMT +5
Лондон Олимпиадасы: Қазақстан Қытайдан кейін екінші орында тұр
АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында ауыр атлетика бойынша алған алтын медальдарының саны жағынан Қазақстан Қытайдан кейін екінші орында келеді.

Осы уақытқа дейін Қытайдың атлеттері 5 алтынға ие болса, Қазақстанның зілтеміршілері 4 медальмен екінші орынға орналасты. Ал 3 алтынға ие болған Солтүстік Корея үшінші орында тұр.
Айта кетейік, біз бұл жетістікке Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова және Илья Ильинның арқасында жеттік.