Лондон Олимпиадасы: қазақстандық ескек есушілер финалға шықты

АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында 1000 метрлік қашықтыққа ескек есуден қазақстандық спортшылар Алексей Дергунов пен Евгений Алексеев финалға жолдама алды.
None
None

Жартылай финалдық жарысты біздің спортшылар өте жақсы бастады: алғашқы 250 метрлік дистанцияда  Алексей мен Евгений үшінші орыннан көрініп, тіпті екінші орынға да суырылып шықты. Бірақ соңғы кезеңде төртінші орынға түсіп, 3:17 минут көрсеткішен финишке келді. Осылайша, Канада құрамасын ұтқан қазақстандық ескек есушілер негізгі қарсыластары - Швеция, Австралия және Жаңа Зеландиямен бірге финалға шықты. Оның нәтижесі ертең, тамыздың 7-сі күні белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар