18:10, 08 Тамыз 2012 | GMT +5
Лондон Олимпиадасы: желаяқ М.Мұқашева келесі кезеңге өтті
АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАпарат - Бүгін Лондон Олимпиадасында 800 метр қашықтыққа жүгірген қазақстандық жеңіл атлет Маргарита Мұқашева (Мацко) өз тобында бесінші болып финиш сызығын кесіп өтті.

Жерлесіміз аталған қашықтықты 2,2 минөттің ішінде жүгіріп өтті. Бұл - жаман көрсеткіш емес. Жалпы, алты топтың қорытындысы бойынша М.Мұқашева он бесінші орынға тұрақтап, келесі кезеңге жолдама алды. Бұл айналымда ең үздік көрсеткіш америкалық Алисия Джонсон Монатонаға тиесілі. 800 метрді ол 2 минөттің ішінде жүгіріп өтті.