Лондон Олимпиадасында 5 алтын алуға мүмкіндігіміз бар - Т.Ермегияев

АСТАНА. 1. тамыз. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Майя Манезаға қоңырау шалып, Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтады.
None
None

Бұл туралы Лондондағы қазақ баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында еліміздің ауыр атлетикадан бас жаттықтырушысы  Алексей Ни мәлім етті.

Тамаша жеңіске жеткен спортшымызды ҚР Спорт және дене тәрбиесі істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев та құттықтап, уәде еткен үш алтынды қоржынға салғандығымызды баса айтты. Сондай-ақ ол Елбасына спортқа көрсетіп келе жатқан зор қамқорлығы үшін алғысын білдірді.

Ал бас жаттықтырушы А.Нидің айтуынша, Зүлфия да, Майя да Лондонға тек жеңіс үшін келді. Оның атап өтуінше, Манеза басты қарсыласы ресейлік спортшы Царукаеваға әлем чемпионатында жол бергенінің есесін қайтаруды арман еткен.

Кезегінде Олимпида чемпионы Майя Манеза қазақстандық жанкүйерлерге алғысын білдіріп, Светлана Подобедова мен Илья Ильинге жеңіс тіледі.

Осыдан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Т.Ермегияев енді 5 алтын медаль алуға тырысатындығымызды баса айтты.

Ал «Complete Service» туристік компаниясының президенті Абылайхан Сәрсенов Майя Манезаға  әлемнің кез келген еліне саяхаттауға екі адамдық жолдама беретіндігін жария етті.

Соңғы жаңалықтар