Лондон Олимпиадасында отандық жеңіл атлет Виктор Лептиков жарыстан шығып қалды

Айта кетейік, Алматы қаласында өткен ІV "Азия жұлдыздары" халықаралық турниріне қатысқан ол, 400 метр қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруде 50,83 секунд көрсеткішпен 3-орынды иеленіп, Лондон Олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын.
25 жасқа толған Витя Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша білім алған. Бала күнінен желаяқтығымен көп көзіне түскен ол, 1995 жылдан бастап-ақ облыстағы жеңіл атлетика балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде шыныққан. Еңбек зая кетпеді, 2002 жылы ҚР ұлттық құрама командасына қабылданса, араға 3 жыл салып спорт шебері атанды. Осы жылдан бастап Виктор Қызылорда облысының олимпиадалық даярлау орталығының мүшесі. Жаттықтырушылары - Наталья Әлімжанова мен Владимир және Наталья Лептиковтар.