Лондонда Боснияның бұрынғы президенті Эюп Ганич ұсталды

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Лондонда наурыздың 1-і күні Боснияның бұрынғы президенті Эюп Ганич тұтқындалды, Сербия соты оны 1990 жылдарда Балқандағы жанжалдар кезінде жасаған әскери қылмыстары үшін айыптап отыр,
None
None

деп хабарлады AFP агенттігі.

63 жастағы Ганичты лондондық Хитроу әуежайында Скотланд-Ярд қызметкерлері қолға түсірді. Скотланд-Ярдтың ресми өкілдері Ганич «Сербия өкімет орындарының экстрадациялау туралы алдын ала өтініштері негізінде» ұсталғанын хабарлады. Боснияның бұрынғы президентіне қарсы Сербия жараланған әскери қызметшілерді өлтірді деп айып таққан, бұл Женева конвенциясын бұзу болып саналады.

Ганич эстрадациялауға қажетті барлық құжаттар келіп түскеннен кейін Сербия өкімет орындарына берілмек. Бұл рәсім қашан аяқталатыны әзірге нақтыланған жоқ.

Белградтың округтік соты 2009 жылғы ақпанда Эюп Ганичпен бірге бұрынғы 19 босниялық шенеунікті тұтқынға алуға ордер берді. Олар Сараевоға шегінген Югослав халықтық армиясының әскери қызметшілеріне шабуыл жасауға қатысы бар деп айыпталуда. Осы шабуылдың нәтижесінде 42 югослав солдаттары мен офмцерлері өлтірілді, тағы 73 адам жараланды, ал 215-і тұтқынға алынды.

Соңғы жаңалықтар