Лондонда Қазақстан-британ сауда-өнеркәсіптік палатасы ұйымдастырған III қазақстандық бизнес-форум өтіп жатыр

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Лондонда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігінің қолдауымен Қазақстан-британ сауда-өнеркәсіптік палатасы ұйымдастырған III қазақстандық бизнес-форум (ҚБФ) өтуде.
None
None

Бұл жайлы ҚР Премьер-Министрінің  баспасөз қызметі хабарлады.

 Форумда Қазақстан мен Ұлыбританияның екіжақты іскерлік байланыстарын дамыту, Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды нығайту, Қазақстанның Еуропалық кеңістікке экономикалық жағынан ықпалдасуының келешегі, сондай-ақ индустриялық - инновациялық бағдарламаны, аграрлық және елдің транзиттік әлеуетін дамыту мәселелері талқыланып жатыр.

Сонымен бірге, бизнес-форум аясында екі елдің кәсіпкерлік қоғамдастығының өзара қарым-қатынасының перспективалық бағыттары, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған жаңа жобалар мен міндеттерді ілгері жылжытудың жай-күйі қаралады. Сондай-ақ, ҚБФ алаңында Қазақстанның министрліктер мен ірі ұлттық компаниялар басшылары британдық және еуропалық іскер топ өкілдерімен консультациялар өткізеді.

Форумның құрметті қонақтарының ішінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Ұлыбританияның сауда және инвестициялар істері жөніндегі министрі Лорд Грин, Лондон қор биожасының президенті Ксавье Роле, Ұлыбританияның Атом энергетикасы жөніндегі комитетінің төрайымы Леди Барбара Джадж және басқалар бар.

Соңғы жаңалықтар