Лондонда Қазақстан мемлекеттік-жеке әріптестік жобаларының «портфелі» таныстырылды
Отырыстың қаржы секциясында Қазақстан тарапын «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Жомарт Әбиесов таныстырды.
Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының баспасөз қызметі таратқан хабарламада көрсетілгендей, сөз сөйлеу кезінде Жомарт Әбиесов қатысушыларға Қазақстандағы МЖӘ-тің жағдайы жөнінде, сондай-ақ жуырда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен қаралатын МЖӘ-тің түрлі мәселелері туралы заң жобасы жөнінде айтып берді. Сонымен қатар ол шетелдік инвесторлар тарапынан қызығушылық тудыруы мүмкін Қазақстандағы мемлекеттік-жеке әріптестік жобаларының «портфелін» таныстырды.
Қазақстанда жоспарланған концессиялық жобалардың жалпы құны 4,42 млрд. АҚШ долларын құрайды. Олардың 76 пайызы (3,3 млрд. АҚШ доллары) көлік секторына тиесілі. Ал денсаулық сақтау, қалалық инфрақұрылымды дамыту, энергетика және білім сияқты қалған секторлардың үлесі 24 пайызды (1,08 млрд. АҚШ доллары) құрайды.