12:21, 30 Шілде 2012 | GMT +5
Лондонда Олимпиада чемпионы Зүлфия Чиншанломен баспасөз мәлихаты
АСТАНА-ЛОНДОН. 30 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанның спорт порталы «Sports.kz» Лондондағы Олимпиада қалашығында болған Олимпиада чемпионы Зүлфия Чиншанломен баспасөз мәслихатының бейнекөрінісін жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында 53 келіге дейін салмақта өткен ауыр атлетика бойынша жарыс жолына шыққан зілтеміршіміз жұлқа көтеру сайысында 95 келіні бағындырып, үшінші орынға тұрақтаған болатын. Дегенмен, серпе көтеру сайысының екінші тапсырысында 131 келі көтеріп, әлем рекордын жаңартумен қатар, Олимпиада чемпионы атағын жеңіп алды. Ол екі сайыстың қорытындысы бойынша 226 келіні бағындырды.