Лондондағы «болашақтықтар» Олимпиадада қазақ спортшыларына аудармашы, гид болады

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Лондондағы «болашақтықтар» Олимпиадаға барған қазақстандық спортшыларға көмек көрсететін еріктілердің үлкен штабын құрды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Болашақ стипендиаттары Лондон Олимпиадасының ұйымдастырылуына атсалысып, біздің спортшыларға доданың барлық кезеңдерінде, соның ішінде олимпиадашыларды Англияда күтіп алу шараларына қатысуға ниет білдірді. Жүздеген болашақтық жазғы демалыстарынан бас тартып, қазақстандық олимпиадашыларды қолдау үшін Лондонда қалды.

Стипендиаттардың бастамашыл тобы шараның ұйымдастыруын және басқаруын тиімді жүргізу мақсатында арнайы ұйымдастыру комитетін құрып отыр. Онда аудармашылық қызмет үшін еріктілер штабы орнықпақ.  

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі еркітілерге арнап имидждік киім тіктіріп, Қазақ ауылындағы жұмысты ұйымдастыруға рұқсат берді.

БҒМ-нің хабарлауынша, біздің стипендиаттар аудармашы, гид, қолдау топтары және Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетіне қарасты әкімшілік қызметкерлер ретінде белсенді қатыстырылмақ. «Стипендиаттардан құралған бастамашыл топтың XXX Олимпиада ойындарында біздің командаға қолдау көрсетуге қатысуы олардың өз елінің нағыз патриоттары, талантты адамдар екендіктерін дәлелдейді. Олар ғылым саласының мықты мамандары ғана емес, шығармашыл, музыкалық аспаптартың бабын білетін өнерлі адамдар, қазақ билерін де біледі, мықты ұйымдастырушылар», - деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті Саясат Нұрбек.

Соңғы жаңалықтар