Лондондағы Олимпиаданың ашылуында 100 адам тұтқындалды

АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Лондонда Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына бөгет жасауға әрекеттенген 100-ге жуық адам ұсталды, деп хабарлады Би-Би-Си британдық полицияға сілтеме жасай отырып.
None
None

Скотлент-Ярдтың өкілі мәлім еткендей, тұтқындалғандардың ішінде Олимпиада саябағы арқылы өтпек болған бір топ велосипедші болған. 

Тұтқындалғандардың сөзіне қарағанда, олар осы саябақ арқылы өтетін өздерінің әдеттігі маршруты бойынша ай сайынғы веложарыс өткізбекші болған.

Соңғы жаңалықтар