Лос-Анджелесте өтіп жатқан арнайы олимпиадада батысқазақстандық дзюдошы алтын жүлдені жеңіп алды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Лос-Анджелес қаласында өтіп жатқан дүниежүзілік арнайы олимпиадада (Special Olympics World Games) батысқазақстандық дзюдошы Дмитрий Мурадов жеңімпаз атанды.
None
None

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Дмитрий 55 келі салмақта үздік шықты. Оның бапкері - Шамур Төлеуішев. Татамиде барлығы 24 елдің спортшылары бақ сынады.

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында 25 шілдеде басталып, 2 тамызда мәреге жететін арнайы олимпиадаға 170-тен астам елден жеті мың спортшы қатысуда. Олар су спорты, гимнастика, жеңіл атлетика, баскетбол, футбол, барлығы 25 спорт түрінен сынға түсуде.

Соңғы жаңалықтар