Ляо Хун: Жэньминьван және ҚазАқпарат арасындағы ынтымақтастық туралы келісім - Қазақстан-Қытай дипломатиялық қарым-қатынастарының орнауына 20 жыл толуына арналған сыйлық

БЕЙЖІҢ. 1 наурыз. ҚазАқпарат - «Жэньминьван» және «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ сайттары арасында жасалған ынтымақтастық туралы келісім бұл - Қазақстан-Қытай дипломатиялық қарым-қатынастарының орнатылғанына 20 жыл толуына арналған сыйлық деп айтуға болады.
None
None

Бұл туралы сәрсенбі, 29 ақпан күні Бейжіңде келісімге қол кою рәсімі барысында «Жэньминьван» сайтының президенті Ляо Хун мәлім етті.

«Жэньминьван» сайтының президенті және бас редакторы Ляо Хун, келісім туралы ынтымақтастық үлкен маңызға ие екендігін атап өтті. Себебі оған қол қою Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатаныстардың орнатылғанына 20 жыл толуы аясында өтті. Ляо Хунның сөзіне қарағанда,  «Жэньминьван» соңғы жылдары Қазақстанға қатысты ақпараттардың санын арттыруда, сайттың тілшілері жыл сайын Қазақстанға сапар шегеді, маңызды оқиғаларға қатысып, оларды ақпараттандырады. Екі БАҚ арасында ынтымақтастық қарым-қатынастарды орнату «Жэньминьван» сайты президентінің пікірінше, екіжақты байланыстардың дамуына үлес қосатын болады.

«Жэньминьван» сайтының бас редакторы «ҚазАқпарат» агенттігімен жасалған келісім «Жэньминьван» порталының Орталық Азияға әсерін кеңейте түсетініне сенімді. Сондай-ақ ол, мұндай трансшекаралық ынтымақтастықтың болашағы зор деген пікірде.

Еске салайық, 29 ақпан күні Қазақстанның «ҚазАқпарат» ұлттық агенттігі мен «Жэньминь жибао» газеті редакциясының интернет-орталығы - «Жэньминьван» сайты электронды ақпарат саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Соңғы жаңалықтар