12:14, 23 Қаңтар 2013 | GMT +5
М.Абисатов БҚО Ішкі істер департаментінің бастығы болып тағайындалды
ОРАЛ. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың бұйрығымен полиция полковнигі Махамбет Қайыржанұлы Абисатов БҚО Ішкі істер департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ұжымға жаңа басшыны ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаев пен облыс әкімі Нұрлан Ноғаев таныстырды.
М.Қ.Абисатов 1966 жылы дүниеге келген.
КСРО ІІМ-нің Қарағандыдағы жоғары мектебін бітіргеннен кейін әртүрлі жедел басшылық қызмет атқарған. 2007 жылдан бастап БҚО ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары болды. 2012 жылдың маусым айынан ҚР ІІМ департаменттерінің бірінде басшылық қызметке тағайындалған еді. Енді Батыс Қазақстанға департамент бастығы болып оралып отыр.