М. Құрманбай: ДСҰ-ға қосылу - жаһандық экономикаға қосылу деген сөз

АСТАНА. ҚазАқпарат - ДСҰ-ға қосылу - жаһандық экономикаға қосылу деген сөз. Оның өз артықшылықтарымен бірге, ескеретін жайттары да бар. Ең бастысы, біз бәсекеге қабілетті болуымыз тиіс. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санындағы мақаласында Семейдегі «Ақшың» корпорациясының президенті, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Марат Құрманбай өз пікірін білдірді.
None
None

Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы аталған ұйым­ның 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы жыл­дары еліміз әлемдік сауда ұйымына кіруге жан-жақ­ты дайындалды. Өйткені, бұл - әлемдік нарық. Оған тыңғылықты әзірліксіз қадам басуға болмайды. Жер-жаһанның ең азулы, экономикасы әлеуетті елдері мүше болып табылатындықтан, ұйымның талабы да өте жоғары. Алайда, біздің елдің бұл ұйымға мүше болуында қандай да бір мәселелер туындаған жоқ. Мәселе болса, ол саяси емес, техникалық тұрғыдағы мәселелер еді. Мемлекетіміз осы уақытқа дейін 350 заңды қайта қарады. Әлі де қаралатын заңдар бар. Еуразиялық экономикалық одақ сынды құрылымдармен арадағы регламенттер де ескерілді. Мұның барлығы жүйелі, кәсіби жұмысты қажет етеді. Осындай қат-қабат шаруаға қарамастан, еліміз аталған ұйымға енуде. ДСҰ-ға қосылу - жаһандық экономикаға қосылу деген сөз. Оның өз артықшылықтарымен бірге, ескеретін жайттары да бар. Ең бастысы, біз бәсекеге қабілетті болуымыз тиіс. Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың Жене­вадағы ДСҰ жетекші­лерімен жүздесуінде халық­аралық деңгейдегі білік­ті экономистер мен сарап­шылардың Елбасының «Қазақстан-2050» Стра­тегиясындағы дамыған 30 елдің қатарына ену жә­не Ұлт жоспарындағы бес инс­титуттық реформа мен «100 нақты қадам» құжат­тарының өзектілігін, уақыт тынысын дөп басқан жоба екендігін айтуы бекер емес. Аталған ұйымға еліміздің қысқа мерзімде кіруінде Ел­басының орасан еңбегі бар. Тоқсаныншы жылдармен және қазіргі өңірлік, құр­лықтық сауда айналымымен салыстыра қарағанда, Қа­зақстанның әлдеқайда көш ілгері дамығанын, Батыс пен Шығыстың ортасында орналасуы арқылы тиімді сауда алаңына айналғанын анық байқауға болады.

Елбасы Женевадағы жүздесуде шетелдік инвес­торларды телекоммуникация саласын дамытуға үлес қосуға шақырды. Ке­ле­шекте ДСҰ шарттарына сәйкес, барлық саланың инвес­тициялық жобалары елі­мізге еркін енгенде, қыз­мет көрсету сапасы жақ­сарып, бағасы да халық­қа қолжетімді болады. Ел экономикасы осы сын­ды мәселелерге жан-жақ­ты дайындық шараларын пысықтауы қажет.

Соңғы жаңалықтар