М.Мерәліұлының 170 жылдығына орай өтетін аламан бәйгеге «темір тұлпар» тігіліп отыр

ОРАЛ. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Атақты әнші-композитор Мұхит Мерәліұлының 170 жылдығы 4-5 қазан күндері Батыс Қазақстан облысында республикалық деңгейде аталып өтпекші.
None
None

Бастапқы күні шаралар облыс орталығы Орал қаласында өтетін болса, келесі күні Мұхиттың туған жері Қаратөбе ауданында жалғасады.

Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшиннің айтуынша, дәстүрлі әндерді орындаушылардың республикалық фестиваліне батысқазақстандық әншілермен қатар Алматыдан келетін өнер саңлақтары да қатысады. Отыз шақырымдық аламан бәйгенің бас жүлдесіне «темір тұлпар» тігілсе, түйе жарысқа қатысушыларға ақшалай қомақты сыйлық бар. Қазақ күресінен түйе палуан да анықталатын болады.

Соңғы жаңалықтар