Мәдениет қайраткерлері жаһандану заманында ұлттық кодтың шырақшылары іспеттес – депутат
АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ерлан Сайыров заманауи мәдениет қайраткері қандай болуы керек деген сауалға жауап берді.
- Мәдениет қайраткерлері – ұлттың ұйысуының, дамуының эталоны. Олар жаһандану заманында ұлттық кодтың шырақшылары деп айтуға болады, - деді Ерлан Сайыров Президент Жолдауына қатысты.
Халық қалаулысы, әлемдегі геосаяси жағдай құбылып тұрған заманда мәдениет қайраткерлері де қоғамға үлесін қосу қажет деп санайды.
- Мәдениет қайраткерлерінің цифрлық технологияларды пайдалану, мәдени туындыларды заманауи тенденцияға сәйкес жасау маңызды, бірақ, ең негізгісі ұлттық шаңырақтың шырақшысы, осы есте болу қажет, - деп қысқа қайырды Мәжіліс депутаты.
Бүгін Президент Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәдениет қайраткерлері жаңа заманның талабына бейімделіп жұмыс істеуі керектігін айтқан еді.
Осылайша, Мемлекет басшысы жасанды интеллекті дәуіріндегі мәдениет пен өнердің дамуының маңызына тоқталды.