Мәдениет министрлігінде Қазақстан-Украина арасындағы мәдениет саласына қатысты бірқатар мәселе қарастырылды

Оның барысында мәдениет саласының екіжақты қарым-қатынасына қатысты бірқатар мәселе қарастырылды.
Мәдениет министрі украиналық әртістерді 2011 жылдың екінші жартысында Алматыда өтетін пианисшілердің халықаралық байқауына және Астана күніне орайластырылып ұйымдастырылатын Опералияның шараларына қатысуға шақырды.
Сонымен қатар екі жақ Қазақстан мен Украинаның тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлауға орай мәдени іс-шараларды бірлесіп атқару туралы келісті.
Украиналық дипломат өз кезегінде мәдени және рухани байланыстардың одан әрі нығая беретіндігіне сенім білдірді. «Қазақстанда небәрі жарты жыл қызмет істедім. Осы уақыт аралығында қазақ мәдениетін жаңа қырынан аштым. Біз қарым-қатынас үшін толық әзірміз, мәдени байланысымызды дамытып, толықтырып, одан әрі нығайту үшін ашықпыз. Қазақ бауырларымызды Украинаға қонаққа күтеміз», - деп ағынан жарылды мәртебелі мейман.
Еске сала кетсек, Қазақстанды 400 мыңнан астам этникалық украиндық мекен етеді.