Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік тапсырыс көлемі 2009-2012 жылдары 12 млн.-нан 151 млн. долларға дейін ұлғайды

АЛМАТЫ. 20 қараша. ҚазАқпарат - Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік тапсырысына биыл 22 748 279 000 теңге қарастырылған. Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстанның медиа нарығы: оңтайлы басқару және дамытатын тұстары» деген тақырыппен өтіп жатқан 5-ші медиа құрылтайда айтылды.
None
None

«Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік тапсырысы соңғы жылдары ұлғайып келе жатыр. Мәселен ол 2009 жылы 1 900 000 000 теңгені (12 млн доллар), 2010 жылы 2 319 128 810 теңгені (15 млн.доллар), 2011 жылы саналған жоқ. Ал  2012 жылы қарастырылған 22 748 179 000 теңгенің (151 млн. доллар), министрліктің хаттамасына қарағанда бүгінгі таңда 1 555 280 847 теңгесі игерілген», - дейді Солтүстік Қазақстан құқықтық медиа орталығының директоры Диана Окремова. Оның айтуынша, лоттардың нәтижесін алайда ешкім қадағаламайды. Сондай-ақ лоттарда ақшаның бәрі жарнамаға жұмсалатыны байқалып отыр.

Соңғы жаңалықтар