Мәдениет және ақпарат саласы ағымдағы жылды жемісті аяқтап отыр - министр М. Құл-Мұхаммед

А. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде мемлекеттік мәдени және ақпараттық саясаттың іске асырылу барысы жөнінде Үкімет сағаты болып өтті. Жиында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің баяндамасы тыңдалды,  
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Ағымдағы жыл барысында министрлік депутаттармен бірлесе отырып, жемісті де табысты жұмыстар атқарды. Ең бастысы өткен жылы министрлік өз бағытының заңнамалық базасын жетілдіріп алған болатын. Сонымен бірге, биылғы жыл басынан бері министрлік тарапынан үш заңға өзгерістер енгізілді. «Мәдениет туралы» негізгі заңға үлкен топтамалы өзгерістер ұсынылып, бұл құжат қазіргі күні Парламенттің келісім комиссиясында талқылануда», деді министр. Сонымен бірге, М. Құл-Мұхаммед Елбасының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасына да тоқталып өтті. Оның айтуынша, 2009 жылдың басында аталған бағдарламаның екінші кезеңі  жүзеге аса бастаған.

 «Бұған дейінгі «Мәдени мұра» жұмыстары түрлі археологиялық-қазба жұмыстарын жүргізу, ғылыми-экспедицияларды ұйымдастыру, әртүрлі мұрағаттық құжаттарды шетелдерден алдыруға қатысты болса,  ендігі кезеңде осы табылған дүниелерді ғылыми айналымға енгізу шаралары, құндылықтарды оқу үдерісіне қамту, барша жұртшылықтың игілігіне айналдыру жұмыстары қолға алына бастады. Бұның ішінде біз алғаш рет шетелдердегі қазаққа қатысты мәдени құндылықтарымызды түгендеуге кірістік. Әсіресе, Дамаск қаласындағы Әл-Фарабидің халықаралық мәдени орталығын ашу жөніндегі жұмыс қарқынды жүргізіліп келе жатыр. Осы қаладағы Сұлтан Бейбарыстың кесенесін жөндеу жұмыстарының 95 пайызы аяқталды. Келесі жылы бұл жұмысты толығымен бітіру жоспарлануда», деді М. Құл-Мұхаммед.

Министрдің айтуынша, биыл тарих, археология, этнография саласындағы көптеген жұмыстардың қорытындылары энциклопедиялық әдебиет түрінде, бірегей кітап сериялары негізінде жарық көрген.  Мәселен, биылдың өзінде ғана жалпы тиражы 168 мың дананы құрайтын 56 аталым бойынша кітап басылған. Сонымен бірге, ағымдағы жылы «Мәдени мұра» интернет-порталын дамыту шаралары да нәтижелі болғанға ұқсайды. «Бір жыл ішінде ғана осы порталға әлемнің 50 елінен 200 мыңнан астам адам кіріп, пайдаланған екен», деді министр. 

Соңғы жаңалықтар