Мадридте Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай қабылдау өтті

АСТАНА.  Желтоқсанның   20-сы.  ҚазАқпарат -   Мадридте Қазақстан  Елшілігінің  ұйымдастыруымен     Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған    қабылдау  өтті, 
None
None

деп хабарлады  Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан  Елшісі Ерғали Бөлегенов  өз сөзінде    еліміздегі саяси     және экономикалық реформалар     мен  Қазақстанның тәуелсіздік  жылдары  қол жеткізген жетістіктері, сондай-ақ    қазақстан-испан қатынастарының    дамуы туралы     әңгімеледі.   Қазақстанның  2010 жылы ЕҚЫҰ  төралығы  міндетіне  де  тоқталып   өтті.

Ресми  шара аясында сондай-ақ,       қазақстандық «Астана» командасының  қатарында    қол жеткізген спорттық жетістіктері  мен    Қазақстанның елордасының   беделін насихаттағаны үшін испан велошабандозы Альберто  Контадорға    алғыс хат  пен  ескерткіш  сыйлық табыс етілді.  Сондай-ақ    классикалық музыка  концерті,  біздің еліміз  туралы  тақырыптық  фотокөрме ұйымдастырылды     және  Қазақстан  туралы деректі фильм көрсетілді.

Шара қонақтарының  қатарында  Король сарайының,   ел Үкіметінің,  дипломатиялық   корпустың  және қазақ диаспорасының   өкілдері болды

Соңғы жаңалықтар