Мадридте ҚР Елшісі Е.Бөлегенов Испания Сенаты спикерінің орынбасары Х.Л.Хименеспен кездесті

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Елшісі Ерғали Бөлегенов Мадридте Испания Сенаты спикерінің орынбасары Хуан Хосе Лукас Хименеспен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әңгіме барысында дипломат ҚР-дағы әлеуметтік-экономикалық ахуал, біздің еліміздің халықаралық бастамалары және қазақстан-испан қатынастары туралы әңгімеледі. Вице-спикердің өтініші бойынша Қазақстан Елшісі саясат, экономика және сауда, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықтардың мүмкіндіктері турасында қысқаша талдау жасады. Х.Лукас Хименес екі ел арасындағы парламентаралық байланыстардың әлеуетін жоғары бағалады, барлық саладағы Қазақстанның қол жеткізіп отырған жетістіктері, оның айтуынша ? ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету біздің мемлекетімізді Азия құрлығындағы басым елдердің қатарына шығарады. Осыған байланысты, Х. Лукас Испания Парламенті делегациясының Қазақстанға таяу арадағы сапарында біздің елімізбен жақынырақ танысқысы келетінін білдірді.Х.Лукастың айтуынша, қазіргі кезеңдегі ынтымақтастықтың басым міндеттері - сауда-экономикалық қатынасты жандандыру, жаңа рыноктарды игеру, бәсекелестіктің артықшылығы мен географиялық әртараптануын қамтамасыз ету үшін инвестициялар салу болмақ. Осыған байланысты, бұған дейін он жыл бойы Кастилия және Леон әкімшілік қоғамдастығы үкіметінің басшысы болған Х.Лукас екі елдің бизнес топтары, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері арасындағы байланыстарды орнатуға және дамытуға жан-жақты ықпал етуге әзір екендігін білдірді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум