09:23, 07 Мамыр 2010 | GMT +5
Мадридте өткен «дөңгелек үстел» отырысында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және ауған мәселесі талқыланды
А. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, мамырдың 5-і күні Мадридтегі Комплутенсе университетінде «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және ауған проблемасы» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Оған оқу орнының студенттері мен оқытушылары, дипломатиялық корпустың өкілдері мен Азия жөніндегі халықаралық сарапшылар қатысты,
деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.
Қазақстан Елшісі Ерғали Бөлегенов өз сөзінде біздің еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығының негізгі басымдықтары туралы әңгімеледі және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕҚЫҰ Саммитін өткізу туралы бастамасына тоқталып өтті.
«Дөңгелек үстел» барысында Ауғанстандағы және Орталықазиялық аймақтағы ахуал, ЕҚЫҰ-ның Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша НАТО, ШЫҰ, ҰҚШҰ және басқа да аймақтық ұйымдармен бірлесе отырып атқарып жатқан шаралары талқыланды. Сондай-ақ, экологиялық қауіпсіздік, трансшекаралық өзендердің проблемалары, мұнай тасымалы мәселелері бойынша жекелеген дискуссиялар өтті.