МАГАТЭ-нің басқарушы кеңесі Иранның ядролық бағдарламасын талқылайды - Вена

АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін Венада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) басқарушылар кеңесінің мәжілісі ашылады,
None
None

деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

Мәжілісте МАГАТЭ ұйымының жаңа бас хатшысы Юкио Аманоның жақында жасаған баяндамасы талқыланады деп күтілуде. Ол құжатта Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алғаш рет алаңдаушылық білдіріліп, Тегранның ядролық қару жасау мүмкіндігі айтылған болатын.

Соңғы жаңалықтар